Пресс-релиз: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» жобасы

Жоба Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің ережесін цифрлық трансформацияны жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-3-бабының 1-тармағына, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес цифрлық трансформациялауды жүргізу және дербес деректерді қорғау бөлігінде келтіру мақсатында сондай-ақ, «Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.12.2024 жылғы № 1087 қаулысымен әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 17 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында жария талқылау үшін келесі сілтеме бойынша орналастырылды https://legalacts.egov.kz