Пресс-релиз: Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы)
20-тармағына сәйкес ү.ж. 1 сәуір сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында келесі реттеуші құралдар бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшалай қаражатты бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жіберілетін дене шынықтыру мен спортты дамытуға түсімнің 1% мөлшерінде бәс тігуден аударымдарды жүзеге асыру міндеті, сондай – ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің (бұдан әрі-аударымдар) жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз ету үшін көздейтін реттеу құралы бойынша ойын бизнесін ұйымдастырушылардың міндеттерін белгілеу нәтижелері орналастырылатындығын хабарлайды:
РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау ү.ж. 1 сәуірі мен 3 сәуір аралығында «on-line» режимінде өтеді.
Сонымен қатар, ү.ж. 1 сәуірде сағат 15:00-де РӘТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс (Zoom) режимінде кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.