ТІКЕЛЕЙ ЭФИР: ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР: ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі

29 қаңтарда елордада ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтеді. Іс-шара министрліктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2026 жылға қойылған негізгі міндеттеріне арналады.

Алқа отырысы Астана қаласы, Тұран даңғылы, 59 мекенжайында орналасқан Жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді. Басталуы – 15:00. Іс-шараға шамамен 250 адам қатысады.

Алқа отырысы аясында Туризм және спорт министрлігінің вице-министрлері Серік Жарасбаев пен Бауыржан Рапиков, сондай-ақ өңірлік басқармалардың, ұлттық компаниялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері баяндама жасайды. Жиын барысында дене шынықтыру және спорт, туризм салаларындағы, ойын бизнесі мен лотереяны реттеу, сондай-ақ саланы цифрландыру бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары талқыланады.

Алқа отырысы Туризм және спорт министрлігінің ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Орын санының шектеулі болуына байланысты БАҚ өкілдерінен міндетті түрде аккредитациядан өтулерін сұраймыз.

Мейрамғазы
+7 (702) 704-88-98

Оқиға күні

29 қаңтар 2026

Өткізу орны

Qazaqstan ЛАСК, г.Астана, пр.Тұран 59

Оқиға түрі

Отырыс