2024 - 2025 жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті букмекерлік кеңселерге, Ойын автоматтары залдарына және лотерея операторына қатысты заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік органдардың ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнама талаптарын бұзу жөніндегі хабарламалары, өтініштері негізінде 10 жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Сондай-ақ, букмекерлік кеңселерге, казиноларға және ойын автоматтары залдарына қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, ойын бизнесі саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша 9 профилактикалық бақылау жүргізілді. Бұзушылықтардың анықталуына байланысты Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау мақсатында 9 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша Комитет пен сот органдарының қаулылары негізінде 1 букмекерлік кеңсе лицензиядан айырылды, шамамен 13,8 млн.теңге сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Мысалы, 2022 жылы 5 жоспардан тыс тексеру, 1 профилактикалық бақылау жүргізілді, 2023 жылы тексерулер болған жоқ.