Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру«Ойын бизнесі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 15-1-бабының 1-тармағына сәйкес жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзін алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өз бетінше шектей алады.
Өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу үшін жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының жазбаша өтініші уәкілетті органға е-Otinish азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы (бұдан әрі - е-Otinish) арқылы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық форматта беріледі.
Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі, жеке немесе электрондық цифрлық қолтаңба.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың шектеу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының азаматы шектеуді жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініш бере алады.
Құмар ойындарға қатысуы және (немесе) бәс тігуі шектелген адамдарды тізімге енгізу туралы өтініштердің үлгілерін келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады: www.gov.kz/memleket/entities/tsm/documents/details/737062?lang=ru