БҚО-да азамат соғысы кезіндегі снаряд табылды

БҚО-да азамат соғысы кезіндегі снаряд табылды


Батыс Қазақстан облысы,Бәйтерек ауданы, Жаңатаң ауылының маңында азамат соғысы кезіндегі металл снаряды табылды. Оқиға орнына БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері жедел келіп, табылған снарядты жойды.
Снарядты 1983 ж.т., «К» есімді азамат ауылдан 4-5 км жерден тапқан. Оның ұзындығы 300 мм, диаметрі 75 мм. Ал 27 сәуір күні сағат 11:50 Дарьинск ауылында 1988ж.т. « А» есімді азамат ұзындығы 350 мм, диаметрі 76 мм болатын артиллериялық снарядты тауып алды. Олардың барлығы жойылды.

Пресс - служба ДП ЗКО

Байланысты материалдар: