«Арқан» жүйесі іске қосылды.
Патрульдік полиция бөліністерінде сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында елді мекендерде жылдамдық өлшеуіш құралдарын пайдалануға тыйым салынды.
Осыған орай облыс әкімі Есқалиев Ғали Нажмеденұлының қолдауымен жол қозғалысы ережелерін бұзудың автоматтандырылған жүйелерінің желісін кеңейту бойынша шаралар қабылдануда.
Бүгінгі таңда Lada-Largus жаңа автомобильдерінің негізінде жылдамдықты басқарудың 6 «Арқан» автоматтандырылған жүйесі сатып алынып, орнатылды.
Бұл жүйелер жылдамдықты бақылауға, нөмірлік белгілерді қадағалап, ішкі істер органдарына ұрланған, қамауға алынған және іздеуде жүрген көлік құралдарын тексеруге мүмкіндік береді.
«Арқан» жүйесі жедел басқару орталығының мониторынан бейне ақпараттарды үздіксіз көрсетіп тұру мүмкіндігіне ие.
Жылдамдықты бұзу кезінде бұл жүйенің басты артықшылығы - бұзушылықты мәліметтер базасынан жою мүмкін еместігі, полицей мен жүргізуші арасындағы байланыс болмауы және қаланың маңындағы жолдардың кез-келген учаскесін басқару мүмкіндігі бар.
Қазіргі уақытта жүйе тесттік режимде жұмыс жасайды.
БҚО ПД Баспасөз қызметі
