GOV.KZ – Single platform for the digital resources of government agencies

Logo of the Ministry of internal Affairs of the Republic of Kazakhstan
Меню
Страницы
Documents
About the Department
Activity
Feedback
Contacts
Press Room
Все материалы
01 октября 2026
 Ұрланған мылтық полицияның жедел жұмысының арқасында табылды

Ақсу ауданында полиция қызметкерлері тіркелген аңшылық қарудың ұрлану дерегін ашты. Анықталғандай, жергілікті тұрғынның үйінен «Вепрь-КМ ВПО-136» маркалы аңшылық мылтық ұрланған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлыққа Сарқан ауданының 18 жастағы тұрғынының қатысы бар екенін анықтады. Ол бұған дейін жәбірленушінің үйінде жұмыс істеп, оған атқа мінуді үйреткен. Тергеу барысында жас жігіттің үй иесінің жоқтығын пайдаланып, үйге кіргені және сейфтің артында тұрған мылтықты көргені белгілі болды. Кейін ол қаруды ұрлап, өз үйіне алып кеткен. Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрланған қарудың тұрған жерін анықтады. Мылтық табылып, заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді. Сонымен қатар азаматтық қаруды сақтау және айналымы қағидаларын бұзғаны үшін мылтық иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Полиция қару иелеріне оны сақтау талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Қару мен оқ-дәрілер белгіленген тәртіппен сақталып, бөгде адамдардың қолы жетпейтін жерде болуы тиіс.

Социальные сети
Меню подвал
State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты