ШҚО Полиция департаментінің кадр бөлімшелерінің жұмысының қорытындысы шығарылды

ШҚО Полиция департаментінің кадр бөлімшелерінің жұмысының қорытындысы шығарылды
ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манаповтың төрағалығымен Полиция департаментінің кадр бөлімшелерінің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті.
Кеңесте бос лауазымдарды жасақтау, жас қызметкерлерді ІІМ-нің оқу орындарына оқуға жіберу, ардагерлердің қатысуымен тәлімгерлік жиындар ұйымдастыру, сондай-ақ жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау мәселелері қаралды. Полиция бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалға да ерекше назар аударылды.
Полковник Манапов құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігі – мемлекет тұрақтылығының негізі екенін және ол полицейлердің кәсіби деңгейі мен моральдық жағдайына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар, кадр жұмысын жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс екені қоса айтылды.
Кеңес қорытындысы бойынша ішкі істер органдарының жұмысын жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар әзірленді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі