ШҚО полициясы Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты

ШҚО полициясы Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты

ШҚО полициясы Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты

Өскемен қаласында Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Облыс әкімдігі ұйымдастырған шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, әскери қызметкер мен қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсімге Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Болат Нұрсейітов пен департаменттің жеке құрамы қатысты.

Әскери оркестрдің орындауында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, Мемлекеттік Ту көкке көтерілді. Рәсімнен кейін жиналған қауымға қаланың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мемлекеттік Ту — ұрпақтарды сабақтастырып, еліміздің басты жетістігі — Тәуелсіздікті әрдайым еске салып тұратын қасиетті нышан. Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мен Отанға адалдық — өңірдегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлері ұстанатын басты құндылықтардың бірі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қызмет бағыты