ШҚО-да «Учаске» ЖПІШ өткізілуде: учаскелік полицейлер тұрғындармен өзара белсенді іс-қимылды жалғастыруда

ШҚО-да «Учаске» ЖПІШ өткізілуде: учаскелік полицейлер тұрғындармен өзара белсенді іс-қимылды жалғастыруда
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиковтың төрағалығымен жедел кеңес өтіп, онда «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасының алғы нәтижелері қаралды. Кеңеске ШҚО бойынша ҚАЖД басшылығы қатысты.
Іс-шара учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру, халықпен өзара іс-қимылды жақсарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Кеңес барысында осы шара бойынша жұмыстың қорытындылары қаралып, түйінді мәселелер талқыланып, учаскелік полицейлердің жұмысын одан әрі жақсарту қажеттілігі туралы қорытындылар жасалды.
Жергілікті тұрғындармен өзара байланысты нығайту, облыс аумағында профилактикалық жұмысты күшейту, сондай-ақ қызмет көрсету аумақтарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Біздің басты міндетіміз - полиция мен жергілікті тұрғындар арасындағы сенімді нығайту. Полицияның тікелей қызметі қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және облысымыздың әрбір азаматы үшін сенімділік пен тыныштық атмосферасын құру мақсатында жұмыс сапасын жақсартуға бағытталады.
«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы 15 желтоқсанға дейін жалғасатынын айта кету керек. Іс-шара барысында тұрғын үйлер мен пәтерлерді тексеру жүргізіледі.
Тұрғындардан аймақтағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған шараға түсіністікпен қарауын сұраймыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі