«Мал ұрысы» ЖПІШ: Шығыс Қазақстан тасжолдарында жаңа бекеттер пайда болды

«Мал ұрысы» ЖПІШ: Шығыс Қазақстан тасжолдарында жаңа бекеттер пайда болды

                                                                                                 «Мал ұрысы» ЖПІШ: Шығыс Қазақстан тасжолдарында жаңа бекеттер пайда болды

Полицейлер мал ұрлығының жолын кесу үшін облыс жолдарында 6 жылжымалы және 2 стационарлық бекет орнатты.

21-23 қазан аралығында облыста «Мал ұрлығы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара барысында полиция мен ветеринар қызметкерлері тарапынан қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторларынан мобильді топтар құрылды.

Ет сату орындарында, мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктер тексерілуде.
Бірінші күні полицейлер бақылап өткізу бекеттерінде ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдайтын 230-дан астам көлікті, 100-ден астам шаруа қожалығы және мал мен ет өнімдерін сатқан 50 орынды тексерген.

Иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, шамамен 110-ға жуық мал басы қамауға алынған.
Өткен тәулікте мал жаю ережесін бұзғаны үшін 23 ауыл шаруашылық иесі жауапқа тартылған.

Жыл басынан бері облыста 19 мал ұрлығы тіркеліп, оның 15-і ашылғанын айта кету керек. Көбінесе қаскөйлер мал жайылымынан ұрлық жасайды, ал көп азамат шығынды бірден байқай бермейді.

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, сіздерден мүліктеріңіздің сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қызмет бағыты