Өткен шаққа саяхат

Өткен шаққа саяхат
Бүгін №29 орта мектептің 4 «Б» сынып оқушылары облыстық Полиция департаментінің тарих мұражайында болып қайтты.
Балалар ХХ ғасырдан бері қазіргі жылдарға дейінгі полиция қызметкерлерінің өмірі мен қызметін бейнелейтін экспонаттарды асқан қызығушылықпен тамашалады. Ең ерекше әсер қалдырған тарихи жәдігерлер – пышақтар, қарулар, тапаншалар мен маузерлер өткеннің елесін қозғап, сол заманның рухын сезінуге мүмкіндік берді.
Бұл кездесу Согриндік мектеп оқушыларының жадында ұзақ уақыт сақталып, оларға тарихтың жаңа қырларын аша түсетіні сөзсіз.
Келген қонақтарды әрдайым жылы лебізбен қарсы алатын ШҚО ПД мұражайы баршаңызды өткен шақтың естелігіне бай тарихымызды және облыстың құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен дамуы туралы көбірек білуге шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі