Шығыс Қазақстанда «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

Шығыс Қазақстанда «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

                                                                                                 Шығыс Қазақстанда «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

Құқық бұзушылықтарға «мүлдем  төзбеушілік» қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 26-28 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.

Тәртіп сақшылары елді мекендерді, әкімшілік учаскелерді және саяжай массивтерін патрульдеуге көп көңіл бөледі Сондай-ақ, елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын адамдарды тексеру және ұстау жұмыстары қарастырылған

Рейдтер барысында учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік аумағындағы ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарға мұқият тексеру жүргізеді

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтарға «мүлдем  төзбеушілік» қағидатын негізге алады Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзбау керектігін ескертеді

ШҚО Полиция департаменті өңірдің барлық тұрғындары мен қонақтарын қырағы болуға, құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда 102» жедел арнасына дереу хабарлауға шақырады.

                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі