Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлерін құттықтады

Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлерін құттықтады
Қызмет өз мерейтойын атап өтуде.
Тура 25 жыл бұрын, 1999 жылы 19 ақпанда ішкі істер органдарының құрылымында жаңа қызмет – әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі пайда болды.
Инспекторлар психологиялық, құқықтық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, оқу орындарында және еңбек ұжымдарында азаматтармен ауқымды ақпараттық жұмыс, атап айтқанда дәріс сабақтарын, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер жүргізеді.
Бөлімше полиция, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы байланыс болып табылады.
Бүгінгі таңда Полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің штатында осындай 13 бірлік қарастырылған, жақын арада оларды тағы 33 лауазымға арттыру туралы мәселе қаралуда.
"Сіздердің еңбектеріңіз қоғам үшін өте маңызды және қажет қызметтердің бірі. Сіздер психологтың да, заңгердің де қызметін қатар атқарасыздар, отбасын сақтау үшін күресіп, жүгінген әрбір әйелге көмек көрсетесіздер.
Сіздердің жұмыстарыңыз тәулік бойы байланыста болуды қажет етеді", - деп атап өтті ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Унарбеков.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі мен ШҚО ПД бастығының бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және бөлімшенің құрылғанына 25 жыл толуына орай Алена Мокина, Айжан Набиева, Назгүл Сабырбекова, Айгүл Аленова медальдармен марапатталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі