Полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына қонаққа барды

Полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына қонаққа барды
Кішкентай және ересек жаяу жүргіншілерге полиция қызметкерлері жарық шағылғыстырғыш стикерлер табыс етті, сондай-ақ олардың маңыздылығын түсіндірді.
Бүгін Глубокое кентінің орта мектептерінің 200-ден астам жоғары сынып оқушылары күн сайын, тәулік бойы тәртіпті күзететін полиция қызметкерлерінің жұмысының кішкене бөлігін өз көздерімен көре алды.
Екі мектептің кең залында полиция қызметкерлері балалардың назарына заманауи қару-жарақтарды, бірнеше криминалистік жиынтықтарды ұсынды, ал сыртта оларды техника күтіп тұрды. Сонымен қатар, арнайы бөлімше қызметкерлері жауынгерлік тәсілдерді көрсетсе, қызметтік іздестіру иттері өз шеберліктерімен тәнті етті.
ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Думан Қожахметов кіріспе сөзінде: "Бүгінгі экскурсия қызықты болады деп және болашақта сіздер біздің қатарымызды толықтырады деген үміттеміз" - деп атап өтті.
Бастауыш сынып оқушылары да назардан тыс қалмады, олар өздерінің жол жүрісі қағидалары туралы білімдерін қуана айтып, қонақтарға белсенді сұрақтар қойды. Әсіресе балаларды полицейлер таратқан киімге жапсырылатын жарық шағылғыстырғыштар қызықтырды. Бұл жүргізушілердің назарын аударады және балалардың жолда көрінуін жақсартады, өйткені киімдегі немесе рюкзактардағы мұндай жапсырмалар жүргізушілерге жаяу жүргіншіні 50 метрге дейінгі қашықтықта көруге мүмкіндік береді.
Жақсы әсер алған оқушылар қонақтарды жайдары шығарып салып, сабақтарын әрі қарай кесте бойынша жалғастырды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі