ШҚО ПД бастығы Самар ауданы полиция бөліміне барды

ШҚО ПД бастығы Самар ауданы полиция бөліміне барды
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков Самар ауданына барып, полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, азаматтарды қабылдады.
Бірінші кезекте облыстың бас полицейі аумақтық бөлімшенің жаңа басшысы-полиция полковнигі Нұржан Түгеловті таныстырды.
Кездесу барысында Ерлан Омарбеков жеке құрамға Қазақстан Республикасы Президенті мен ішкі істер министрінің негізгі талаптары мен тапсырмаларын, сондай-ақ қылмыстардың барлық түрлерінің, әсіресе кісі өлтірудің, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің, мас күйіндегі қылмыстардың, есірткі таратудың, отбасылық-тұрмыстық қылмыстың, жол тәртібін сақтаудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларды жеткізді. Бұл жұмыстардың барлығы азаматтардың құқықтық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Баянды Кәкенұлы Кужахметов құттықтау сөз сөйлеп, баршаға қиын қызметте денсаулық пен сәттілік тіледі, сондай-ақ Самар ауданы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Рашид Садықұлы Әлібаевта өз тілегін білдірді.Ерлан Омарбеков өз кезегінде оларға алғыс хаттар табыс етті.
Кездесу соңында ПД бастығы полицейлер арасында тәртіп пен заңдылықтың мүлтіксіз сақталуына назар аударды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі