Риддер қаласында қызыл кітапқа енгізілген 4 000 нан астам торжуа тәркіленген

Риддер қаласында қызыл кітапқа енгізілген 4 000 нан астам торжуа тәркіленген
Мамыр айының басында Риддер қаласын патрульдеу кезінде дүкендердің бірінің маңыда полиция қызметкерлері 1965 жылы туған әйел адамды тоқтатқан, ол өзімен бірге сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерге жататын 976 дана ұсақ торжуаны алып жүргені белгілі болды. Сонымен қатар, 1976 жылы туылған тағы бір әйел адам мен 1975 жылы туған ер адамнан да 984 және 2063 дана ұсақ торжуа табылып, тәркіленді.
Тергеу барысында үшеуі Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Черемшанка ауылы маңында сирек кездесетін өсімдікті жинап, Риддер қаласына сату үшін әкелгені анықталды.
Заңсыз әрекеттен келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 7 000 000 теңгені құрады. Жауап алу кезінде әрқайсысы өз кінәсін мойындады.
Оларға қатысты елден кетпеу туралы жазбаша міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 339-бабымен 1, 2-бөлігі «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер кінәләрі дәлелденген жағдайда, күдіктілерді 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
ШҚО ПД баспасөз қызметі