Шығыс Қазақстан полицейлері автобустардың қауіпсіздігін тексеруде

Шығыс Қазақстан полицейлері автобустардың қауіпсіздігін тексеруде
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
ЖПІШ кезеңінде полиция қызметкерлері көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен және жол жүрісі қауіпсіздігі инженерлерімен бірлесіп, қалалық және қалааралық автобустардың желіге шығар алдындағы олардың техникалық жай-күйін тексеру бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Сонымен қатар жүргізушілер мен автобустарды рейс алдындағы медициналық және техникалық қарап-тексеруден өтуін бақылау, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауы, қоғамдық көлікті, оның ішінде такси автомобильдерін заңсыз қайта жабдықтау мәніне тексеру, қоғамдық көлік аялдамаларында, маршруттық автобустар салондарында қалта ұрлығына жол бермеу және билетсіз жол жүру фактілерінің жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Жедел-профилактикалық іс-шара 5 мамырға дейін жалғасады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі