Глубокое ауданында ұрлық жасады деген күдікпен студент ұсталды

Глубокое ауданында ұрлық жасады деген күдікпен студент ұсталды
Глубокое ауданының полиция бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскен. Ер адам белгісіз адам ағымдағы жылдың қаңтар айының ортасында құлыптың кілтін алып, Опытное-Поле ауылындағы үйлердің бірінің кіреберісінде орналасқан жертөле бөлмесіне кіріп, металл пешті ұрлап кеткенін хабарлаған.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, көп ұзамай 19 жастағы студентті ұстаған. Тергеу іс-шаралары барысында оның бұрын осыған ұқсас ұрлық жасағаны анықталды. Сондай-ақ күдіктінің жәбірленушінің гаражына жертөлеге кірген тәсілді пайдалану арқылы кіріп, құрал-саймандар ұрлағаны әшкереленді. Жауап алу кезінде ұсталған адам өз кінәсін мойындаған. Полицейлер ұрланған затты тәркіледі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.
ШҚО ПД баспасөз қызметі