Шемонаиханың тұрғыны танысынан 100 кг-дан астам түсті металды ұрлап кеткен

Шемонаиханың тұрғыны танысынан 100 кг-дан астам түсті металды ұрлап кеткен
50 кг мыс, 25 кг алюминий және шамамен 30 кг қола қолды болды.
Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 54 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген, ол өткен жылдың қараша айының ортасында оның танысы еркін кіре алатынын пайдаланып, оны тонап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, қаскөй үйінің ауласында орналасқан шаруашылық жайдан түсті металды ұрлаған, осылайша 50 кг мыс, 25 кг алюминий және шамамен 30 кг қола қолды болған. Жалпы шығын 275 000 теңгеге бағаланады.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ауданның криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қысқа мерзімде ұстауды жүзеге асырған. Қылмыс жасағаны үшін 40 жастағы ауыл тұрғыны әшкереленді. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді, одан жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады. Алайда ұрланған заттарды қайтару мүмкін болмады, өйткені күдікті металдың соңғы граммына дейін қабылдау пунктіне тапсырған.
Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адам үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті көрінеу қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ЕСКЕРТЕДІ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі