Шығыс Қазақстан полицейі Казань қаласында күміс медаль жеңіп алды

Шығыс Қазақстан полицейі Казань қаласында күміс медаль жеңіп алды
2023 жылдың қаңтарында Казань қаласында Ислам елдері мен Татарстан Республикасының командалары арасында алғашқы халықаралық хоккей турнирі өтті. Онда Біріккен Араб Әмірліктері, Сауда Арабиясы, Иран, Оман, Бахрейн және Қазақстан елдерінен 12 ерлер командасы қатысты.
Аталған іс-шара «Россия-исламский мир әлемі»:KazanSummit-2022 халықаралық саммиті шешімінің қорытындысы бойынша ұйымдастырды және түрлі салада оның ішінде спортта айрықша іске асырылды.
Қазақстан атынан "Oskemen" командасы қатысып, оның құрамына әуесқойлар, кәсіби деңгейде ойнайтындар, оның ішінде ел құрамасының экс-ойыншылары, сондай-ақ ШҚО ПД қызметкері полиция майоры Шидеринов Серік Сағымбайұлы қатысқан. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есеппен Қазақстан құрамасы Ислам ойындарының күміс жеңімпазы атанды.
"Хоккей - мені бес жасымнан спортқа әкелген үлкен әлем. Спортшылар өмірдің қуанышынан бас тартуға мәжбүр деп айтса, сенбеңіз. Жеңістердің қуанышы, жаттығудың жемісі, команда рухы және алға ұмтылу - бізде бар бақыт. Ең бастысы – еркіндік, жүректегі батылдық және жандағы мейірімділік. Бұл турнир жоғары деңгейде өтті деп мықты қарсыластармен өз ісінің шеберлерін - нағыз кәсіпқойларды атап өткен жөн. Әр мемлекет бұл турнирмен күш жігер мен спортқа деген сүйіспеншіліктің маңызды екенін дәлелдеді. Хоккей - бұл жай ойын емес, бұл біз өзіміз үшін де, еліміз үшін де жаңа тарихи сәттер туғызатын жаңа кезең", - деді аға инспектор Серік Сағымбайұлы.
ШҚО Полиция департаменті біздің қызметкерге мансаптық өсу,отбасы амандығын мен көптеген жеңістер мен жетістіктер, қуанышты оқиғалар мен сәтті ойындар тілейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі