Өскемен тұрғыны ойын консолін жалға алып, жоғалып кеткен

Өскемен тұрғыны ойын консолін  жалға алып, жоғалып кеткен

                                                                           Өскемен тұрғыны ойын консолін жалға алып, жоғалып кеткен

Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөліміне 30 жастағы кәсіпкер алаяқтық фактісі туралы өтініш білдірген. Оның айтуынша, бейтаныс жігіт одан ойын консолін жалға алған, алайда қайтаратын уақыты келгенде, ол телефонды өшіріп, жоғалып кеткен. Осылайша, шамамен 300 000 теңге сомасында залал келтірген.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол 24 жастағы өскемендік болып табылған, ол жасаған әрекетін мойындаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жас ойын әуесқойын екі жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде.


Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу жүргізілуде.

                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қызмет бағыты