Ұлан ауданында қаруланған адам ұсталды

Ұлан ауданында қаруланған адам ұсталды
Ұлан ауданы ПБ Криминалдық полиция қызметкерлері қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады.
Мәселен, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары Манат ауылының 59 жастағы тұрғынын ұстады, оның салынып жатқан жазғы ас үйінен кідіріссіз тінту жүргізу кезінде «ТОЗ-8» маркалы мылтық пен 20 патрон табылып, тәркіленді.
Маманның қорытындысына сәйкес ойық атыс қаруы, атап айтқанда 5.6 мм калибрлі «ТОЗ-8» үлгісіндегі ұсақ калибрлі бір зарядты винтовка болып табылады, бұл мылтық зауыттық тәсілмен дайындалған және 5,6 мм калибрлі сақиналы тұтану патрондарымен атуға жарамды. Қаскөйден алынған патрондар спорттық-аңшылық мылтықтан атуға арналған, 5,6 мм калибрлі ойық атыс қаруы, яғни қарудың аталған түріне арналған оқ-дәрілер болып табылады.
Жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 287-бабының 3-бөлігі – «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі