Өскеменге синтетикалық есірткінің 8 мың дозасын жеткізуарнасы жойылды

Өскеменге синтетикалық есірткінің 8 мың дозасын жеткізуарнасы жойылды

                                                                           Өскеменге синтетикалық есірткінің 8 мың дозасын жеткізуарнасы жойылды

 

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ҚР Ұлттық Ұланының арнайы бөлімшелерін тарта отырып, елдің шығысына есірткі жеткізуге қатысы бар адамдардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.

Нәтижесінде, 3,5 мың бір реттік дозаға тең салмағы 1 кг жуық синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын Өскемен қаласына әкелмек болған, Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұстау барысында автокөлікте онымен бірге жұбайы да отырған. Қаскөй күдікке ілінбес үшін өзімен біргеәдейі жолға алғаны мәлім болды.

Біраз уақыттан соң қылмыстық топтың екінші қатысушысы да қолға түсті. Ұсталған 29 жастағы ер адамнан2 мың дозаға тең600 грамм синтетикалық есірткітәркіленді. 

Есірткі арнасын жою бойынша арнайы операция Өскеменге арнайы келген Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстаумен аяқталды. Тінту барысында,одан құрамында 0,5 кг-нан астам «альфа-PVP» психотроптық сұйықтығы бар 5 пластикалық ыдыс тәркіленді.

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей: «Қабылданған шаралар нәтижесінде, облыс орталығында шамамен мөлшері 8 мың бір реттік есірткі дозасын жеткізудің арнасы жойылды, оның «қара нарықтағы» құны шамамен 65 млн.теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдіктілердің үшеуі де қамауға алынды, олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сараланады, оның санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген».

 

                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі