Әйел адам өз баласына 1,5 миллион теңгеден астам қарыз

Әйел адам өз баласына 1,5 миллион теңгеден астам қарыз
Шілде айының басында Өскемен қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан өз баласын күтіп-бағуға алимент төлемейтін 24 жастағы азаматты іздестіруді жариялау туралы қаулы келді.
Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемеген әйелдің Өскеменде тұратынын анықтады. Белгілі болғандай, байғұс ана 4 жылдан астам уақыт бойы ресми түрде жұмыс істемегендіктен, осы жылдар бойы өзінің баласын күтіп-бағуға төлем жасамаған. Бүгінгі таңда ол баласына 1 500 000 теңгеден астам қарыз. Қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.
«Жыл басынан бері шығысқазақстандық полицейлер 120-дан астам алимент төлемеген адамды анықтады», - деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі