Өзім төлеймін: танысының атына миллион теңгеге тауарлық несие ресімдеген

Өзім төлеймін: танысының атына миллион теңгеге тауарлық несие ресімдеген

                                                     Өзім төлеймін: танысының атына миллион теңгеге тауарлық несие ресімдеген

 

Ағымдағы жылдың мамыр айының басындаҰлан ауданының 27 жастағы тұрғыны Өскемен қаласының Полиция басқармасыҮлбі ПБ «102» жедел арнасына жүгінді. Жәбірленушінің сөзінше,  2022жылдың  31 қаңтарында танысы сауда үйінің бірінде,оның атына несиені өзім уақытында төлеп тұрамын деген келісіммен тауарлық несие ресімдегенін хабарлады.

Қаскөй жәбірленушінің атына жалпы құны шамамен 1 000 000 теңге болатын 3 смартфон алғаны анықталды. Алайда қолына тауар түскен соң, берген уәдесін ұмытып, несиені төлемеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы Қ.Қайсенов кентінің тұрғынын ұстады, оған қатысты келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Бүгінгі күні аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі

 

Қызмет бағыты