Айыппұл сомасының 50% - ын төлеу арқылы қалай өтеуге болады?

Айыппұл сомасының 50% - ын төлеу арқылы қалай өтеуге болады?

                                             Айыппұл сомасының 50% - ын төлеу арқылы қалай өтеуге болады?

 

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабының 1-бөлігіне сәйкес (айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау) айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның айыппұл төлейтінін еске салады.

ҚР ӘҚБтК-нің ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес (әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу негіздері) борышкерлер әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% - ын қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеуге құқылы екенін еске саламыз.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, тұлға айыппұл төлеу қажеттілігі туралы тиісті хабардар етілген сәттен бастап 7 тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін айыппұл толық көлемде төленеді.

Айыппұлды өз еркімен төлеу үшін қолданыстағы заңнамада 40 күндік мерзім көзделген. Жоғарыда көрсетілген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда, әкімшілік материал жұмыс орны бойынша не жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі.

Осыған байланысты, айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды болдырмау үшін, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті айыппұлды уақтылы төлеуді ұсынады.

 

                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Қызмет бағыты