Ауылдасының бұзауын жетектеп кеткен

Ауылдасының бұзауын жетектеп кеткен

Ауылдасының бұзауын жетектеп кеткен

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Семей қаласының Әуезов ПБ «102» жедел арнасына Семей қаласының маңында орналасқан ауылдық округтің 48 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2021 жылдың маусым айының соңында ауылдың шетіндегі еркін жайылып жүрген 8 айлық қара-ала бұзауды белгісіз тұлғалар жасырын ұрлап кеткенін хабарлаған. Шығын сомасы 250 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 44 жастағы ауыл тұрғынын анықтап, ұстады.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «кепілге босату» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ҚР ҚК-нің 188-1 – бабы-мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде».

Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда, оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қызмет бағыты