ШҚО-да ұрланған жылқы табыны JPS құрылғысының көмегімен табылды

ШҚО-да ұрланған жылқы табыны JPS құрылғысының көмегімен табылды

ШҚО-да ұрланған жылқы табыны JPS құрылғысының көмегімен табылды

ШҚО полицейлері «ІІМ-нің 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау бағдарламасын» іске асыру шеңберінде мал иелері арасында жануарларға сымсыз күзет жүйелерін орнату қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, оларға JPS-трекерлер мен құрылғылар да жатады. Олардың мал ұрлығына қарсы іс-қимылдағы тиімділігі іс жүзінде дәлелденген.

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Аягөз аудандық полиция бөліміне аудан тұрғындарының бірі белгісіз тұлғалар еркін жайылымнан оның жылқысын ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Шығын сомасы шамамен 60 миллион теңгені құрады.

Жедел уәкілдер жәбірленушімен бірге болған оқиғаның мән-жайын анықтауға дереу кірісті. Мал иесінің кез-келген уақытта онлайн режимінде ұялы телефондағы мобильді қосымша арқылы малдың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін JPS электронды бақылау құрылғысын бірнеше атқа алдын-ала орнатып қоюы іздеу жұмыстарының оң нәтиже беруіне өз септігін тигізді.

Ұрланған малдың жүрген жерін бақылай отырып, ұрлық жасаған Үржар ауданының 47 жастағы тұрғынын ұстауға мүмкіндік туды.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «қазіргі уақытта күдікті УҰИ-ға қамауға алынды, ҚР ҚК-ның 188-1-бабы 4-бөлігі- аса ірі көлемде жасалған мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде».

Осы баптың санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі