Ұры бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Ұры бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Аягөз ПБ кезекші бөліміне 61 жастағы әйел хабарласып, түнгі уақытта белгісіз тұлғалар оның үйіндегі ас үй бөлмесіндегі шкафтағы сөмкеден 3 сақина, 1 жұп сырға, «SAMSUNG» ұялы телефонын жасырын ұрлап, жалпы сомасы 885 000 теңгеге материалдық залал келтіргенін айтқан.
«Образ ++» базасы мен бейнебақылау камерасының көмегімен тергеу-жедел тобы бұрын сотталған 34 жастағы ер адамды анықтап жеткізді. Тергеу барысында ұрланған мүлікті беріп, кінәсін мойындады.
Жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі