Алтай ауданының полицейі жоғалған баланы тапты

Алтай ауданының полицейі жоғалған баланы тапты

Алтай ауданының полицейі жоғалған баланы тапты

Ағымдағы жылдың 1 тамызы күні сағат 10:00 шамасында Алтай ауданының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны О.М. Мастикбаев патрульдеу кезінде өзін біртүрлі ұстаған 9-10 жас шамасындағы баланы байқап қалады. Бала Алтай қаласындағы Панфилов көшесі бойындағы соңғы аялдамада тұрған.

Полиция қызметкері баланың кім екенін, сондай-ақ ата-анасының орналасқан жерін анықтау үшін дереу шаралар қабылдай бастайды. Баланың оның сұрақтарына жауап бермей, үнсіз тұруы жағдайды қиындатқан, сөйтсе ол ерекше бала екені анықталды.

Тәртіп сақшылары Алтай қаласының психологиялық-неврологиялық диспансеріне жүгініп, нәтижесінде мамандар кәмелет жасына толмаған баланың жеке басын, тұрғылықты мекенжайын және оның ата-анасының деректерін анықтап біледі. Сонымен қатар, баланы медицина қызметкерлері қарап, оның өміріне ештеңе қауіп төндірмегенін айтады.

Кейінрек ата-анасы ұйықтап жатқандықтан ұлдарының үйден қалай кеткенін байқамай қалғаны белгілі болды. Жоғалып кетіп, полиция қызметкерінің арқасында аман есен үйіне қайтарылған баланың анасы тәртіп сақшысына алғысын білдірді.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі