Профилактикалық акция: Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

Профилактикалық акция: Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, отбасында орын алатын зорлық-зомбылық мәселелеріне назар аудару және оның жолын кесу мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылғы 21-30 маусым «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізіледі.
Бұл ретте акция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында елді мекендерде тиісті баннерлермен белгіленген арнайы бөлінген автобустарда жергілікті полиция қызметі басшылығының азаматтарды жеке қабылдау жолымен мобильді акциялар ұйымдастырылады.
Акция әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды сіңіру, ерлі-зайыптыларға немесе жақын туыстарына қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тексеру мақсатында өткізіледі.
Дене жарақатынан басқа, тұрмыстық зорлық-зомбылық есірткіге тәуелділікті, алкоголизмді және суицидтік үрдістерді қоса алғанда, ауыр психологиялық жарақаттар тудыруы мүмкін. Сондықтан алғашқы қоқан-лоқы кезінде туыстарыңыз бен көршілеріңізден көмек сұраудан тартынбаңыз, сонымен қатар полицияға қоңырау шалыңыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі