ШҚО-да республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолының учаскесі бойынша жүк автомобильдері үшін ақылы жол жүру жоспарлануда

Шығыс қазақстан облысы ПД Әімшілік полиция басқармасы хабарлайды:

2021 жылы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ Бесқарағай, Жарма аудандары мен Семей қаласының аумағы арқылы өтетін Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» (Павлодар облысының шекарасы – Қалбатау кенті) автомобиль жолының учаскесі бойынша жүк автомобильдері үшін ақылы жол жүруді жоспарлап отыр.

Жол жүруді бақылау ақы алудың арнайы жүйесінің (көлік құралдарының габариттерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бейнекамералармен оқу) көмегімен жүзеге асырылатын болады.

Осы мақсаттар үшін 2020 жылдың соңында инвесторлардың қаражаты есебінен («Computer Vision Technoiogiec» ЖШС МЖӘ арқылы) жоғарыда көрсетілген жол учаскесі бойынша 8 бақылау аркасы орнатылды.

Қазіргі уақытта камералар әлі орнатылмаған (іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде).

Жол жүру бағасы ағымдағы жылғы 05-09 наурыз аралығында Семей қ., Шар қ., Қалбатау кенті, Бесқарағай ауылында белгіленген қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін анықталады.

Барлық сұрақтар бойынша, жол қозғалысына қатысушылары «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ШҚО филиалына, Өскемен қ., Буров к-сі, 67-ге хабарласа алады.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қызмет бағыты