Полиция қызметкерлері абаттандыру жұмыстарына атсалысты
Полиция қызметкерлері абаттандыру жұмыстарына атсалысты
Өскемен қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қаланы көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлық жұмыс басталды.
Іс-шаралар қала аумағының тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері сенбілікке қатысты. Бөлімшелерге бекітілген аумақтарда санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, оған іргелес учаскелер ретке келтірілді.
Тазалық пен тәртіп – баршаға ортақ жауапкершілік. Қаланы абаттандыруға әр адамның қосқан үлесі тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі