Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Балалар қауіпсіздігі  басты назарда

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесе отырып, балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғын үй аулаларында профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Іс-шара барысында тұрғындарға жас балаларды қараусыз қалдырмау, ашық терезелерге қолжетімділікті шектеу және оларға арнайы қорғаныш бекіткіштері мен ысырмаларды орнату секілді негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Профилактикалық жұмыстармен 40-тан астам аула қамтылып, тұрғындармен түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Сондай-ақ, тұрмыстағы балалар қауіпсіздігін сақтау бойынша 100-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барынша мұқият болуға және қарапайым қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі