ШҚО ПД-да гарнизондық саптық жиын: қауіпсіздік пен профилактикаға басымдық

ШҚО ПД-да гарнизондық саптық жиын: қауіпсіздік пен профилактикаға басымдық

ШҚО ПД-да гарнизондық саптық жиын: қауіпсіздік пен профилактикаға басымдық

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған жеке құрамның гарнизондық саптық жиыны өтті. Іс-шараға ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руфат Қажымқанов жетекшілік етті.

Саптық жиын барысында басшылық құқықбұзушылықтардың кез келген дерегіне жедел ден қоюды, сондай-ақ түнгі уақытта көшелерде және ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударуды тапсырды.

Жеке құрамға арнаған сөзінде Руфат Қажымқанов полиция қызметінің басты міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін атап өтті.

«Облыс аумағында “Мототехника” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Қызмет атқаруға формалды көзқарасқа жол бермей, құқықбұзушылықтарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын қатаң сақтауды талап етемін», – деп атап өтті полиция полковнигі Р. Қажымқанов.

Сондай-ақ жеке құрамға қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау, заңдылық пен жеке қауіпсіздік талаптарын сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту қажеттігі еске салынды.

Гарнизондық саптық жиын соңында қызметкерлерге құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер жүктелді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қызмет бағыты