Құқықтық сауаттылық және жасөспірімдердің қауіпсіздігі – ШҚО полициясының назарында

Құқықтық сауаттылық және жасөспірімдердің қауіпсіздігі – ШҚО полициясының назарында
Жастарды заңды құрметтеу, жауапкершілік пен тәртіп рухында тәрбиелеу – қазіргі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Осы тақырыпта Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған спорт-интернат колледжінде профилактикалық семинар өтті.
Іс-шараны ШҚО Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері «Феникс» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және елде жарияланған «Балалардың қауіпсіз болашағы кепілі жылы» аясында ұйымдастырды.
Кездесуге 9–11 сынып оқушылары қатысты. Негізгі назар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне аударылды.
Семинар барысында жасөспірімдерге «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз» республикалық акциясы туралы ақпарат беріліп, заңнама нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар зорлық пен агрессия көріністеріне бейжай қарамаудың маңыздылығы талқыланды.
Жастардың құқықтық сауаттылығына ерекше мән берілді. Оқушыларға қауіп-қатер белгілерін қалай тану керектігі, қиын жағдайларда қайда жүгіну қажет екені және неге сыйластық, өзара түсіністік пен жауапкершілік қауіпсіз қоғамның негізі екені түсіндірілді.
Ашық диалог форматындағы кездесу қатысушыларға тек пайдалы ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар өз сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен және өмірлік көзқарастарымен бөлісуге мүмкіндік берді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі