ШҚО-да полицейлер 150 көлік тұрып қалған колоннаны қар құрсауынан алып шықты

ШҚО-да полицейлер 150 көлік тұрып қалған колоннаны қар құрсауынан алып шықты

                                                                                          ШҚО-да полицейлер 150 көлік тұрып қалған колоннаны қар құрсауынан алып шықты

Қалың қар мен жолды көру деңгейінің нашарлауы Шығыс Қазақстан облысындағы жол қозғалысын айтарлықтай қиындатты. Өскемен - Алтай, Өскемен - Риддер және Өскемен - Семей бағыттарында қозғалыс баяулап, кей жерлерде мүлде тоқтап қалған.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, полицейлер жолдарда қызмет атқаруды жалғастырып, жүргізушілерге көмек көрсетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Бір күн ішінде ғана тәртіп сақшылары қарға батып қалған 10-нан астам жүк көлігі мен жеңіл автокөлікке көмек көрсеткен.

Ең күрделі жағдай Герасимовка ауылының маңында орын алды. Мұнда шамамен 150 автокөліктен құралған колонна қар құрсауында қалып, әрі қарай жүре алмаған. ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жағдайды дер кезінде бақылауға алып, шектеулі көріну жағдайында жүргізушілерге бағыт-бағдар беріп, қауіпті учаскелерден өтуге көмектесті.

Сонымен қатар, полицейлер жүргізушілерді қолдап, оларға ыстық шай ұсынып, қарлы боранның ортасында жылулық сыйлады.

Үйлесімді жұмыстың нәтижесінде тәртіп сақшылары автокөліктер колоннасын қауіпті аймақтан аман-есен өткізіп, әрі қарай кептеліс пен жол-көлік оқиғаларына жол бермеді.

ШҚО Полиция департаменті тұрғындарды жолға шығар алдында ауа райы туралы ескертулерді қарауға, барынша сақ болуға және жолдардың жағдайы жөніндегі ресми ақпаратты қадағалап отыруға шақырады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қызмет бағыты