ШҚО Полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесімен кездесу өтті

ШҚО Полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесімен кездесу өтті

                                                                                           ШҚО Полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесімен кездесу өтті

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің жеке құраммен кездесулері өтті. Іс-шараның мақсаты – қызметтік тәртіпті нығайту, моральдық ұстанымдарды қалыптастыру және полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру.

Полиция қызметкерлерімен өткен еркін пікір алмасуға Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Даурен Мұқанов пен кеңес мүшесі Бақытжан Торғаев қатысты. Олар өздерінің қызметтік тәжірибесіне сүйене отырып, қызметтік этиканың негізгі қағидаттарын, корпоративтік мәдениетті сақтаудың маңызын және кәсіби дамудың үздіксіз қажет екені туралы талқылады.

Кездесу барысында 2025–2030 жылдарға арналған заң мен тәртіп қағидатын ілгерілету тұжырымдамасының негізгі ережелері түсіндірілді.

Тәлімгерлер әрбір полиция қызметкері мінсіз тәртібімен үлгі болуға, заң талаптарын қатаң сақтауға, тәртіпті берік ұстануға және ішкі істер органдарының абыройын биік ұстауға тиіс екенін атап өтті.

Осындай кездесулер ұжымдағы тәрбиелік жұмысты күшейтіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға және қызметтік міндеттердің тиімді орындалуына ықпал етеді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қызмет бағыты