Қайырлы күн, құрметті Олжас Абайұлы, әріптестер!
Ішкі нарықта тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру міндеттерін іске асыру барысында техникалық реттеу құралы қолданылады.
2-Слайд
Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданған 47 техникалық регламент, айналымдағы өнімнің 85% пайыздан астамын қамтиды. Өнімнің қалған 15% ұлттық техникалық регламенттермен реттеледі.
Мысалы, құрылыс өнімдеріне ұлттық техникалық регламентті қолданудың оң тәжірибесі бар. Сырттан әкелінетін қауіпті, сапасыз цемент өніміне шектеу қойылды.
Бұл ішкі өндірістің 23% пайызға өсуін қамтамасыз етті.
Басқа да тауар топтарынан осындай әсер алу үшін және де отандық өндірушілердің өніміне сұранысты арттыру мақсатында көмірге, жоғары вольтты жабдыққа, алкоголь өнімдеріне арналған ұлттық регламенттер әзірленіп жатыр.
Тауарлардың қауіпсіздігін тексеру үшін сынақ базасын құру маңызды.
Себебі қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі, азық түлік және басқа өндірістік тауарлар сынақ базасымен қамтылмаған.
Олжас Абайұлы, сынақ базаларын дамыту үшін мемлекеттік органдарға, жоғарғы оқу орындарына ведомстволық зертханаларды жаңартушараларынәзірлеудіұсынамыз.
Сонымен қатар, жеке меншік зертханалар өз жабдықтарын жаңартып жатыр.
3-слайд
Олжас Абайұлы, Сіздің тапсырмаңыз бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін сырттан әкелінетін көлік құралдарын бақылау нәтижесінде куәлік беретін 23 зертханада бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде олардың аккредиттеу аттестаттары қайтарылды, 24 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.
Тексеріс аясында 2-ші экологиялық класты қытайлық жүк көліктерін әкелуді қысқарттық.
49 автокөлік бойынша материалдар Қаржылық мониторинг агенттігіне жіберілді.
Қаржы, Ішкі істер, Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп жүйелі түрде мынадай жұмыстар атқарылды:
1) негізсіз берілген көліктің қауіпсіздік куәліктерін жою тәртібі бекітілді;
2) көлік құралдарын әкелудің алгоритмі бекітілді. Бұл ақпарат халыққа жеткізілетін болады.
3) мобильді зертханаларды аккредиттеуге тыйым салынды.
Құрметті Олжас Абайұлы, аталған мәселені тиімді шешу үшін Қаржы министрлігіне көлікті айналымға шығаруды, «жолаушылардың кедендік декларациясы» рәсімі бойынша жүзеге асыру ұсынылады, бұл көлікті жаппай әкелу мониторингін қамтамасыз етуге, және «бір қолға» бір көлік әкелуді бақылауға мүмкіндік береді.
Осы жылдың қараша айынан бастап, көліктің қауіпсіздік куәлігін беру электрондық форматқа ауыстырылды, оң нәтижелер бар.
Басқа салаларда да осындай мәселені жою үшін цифрландыру құралдары арқылы «сұр» сертификаттармен күресудеміз. Атап айтсақ, осы жылдан бастап, саладағы 100-ден астам процесс техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне енгізілді.
2025 жылдың аяғына дейін цифрландыру тұтынушыларға өнім туралы барлық ақпаратты смартфонда штрих-код арқылы алуға мүмкіндігін береді.
4-слайд
Сауда министрлігі жанынан ішкі нарықты қорғау мәселелерін жедел шешу үшін бақылаушы органдардың (ДСМ, АШМ, ҰҚК ШҚ, МКК, ӘМ және «Атамекен» ҰКП) қатысуымен Ахуалдық штаб құрылды.
Бірлескен алгоритм бойынша, сырттан әкелетін тамақ өнімдерінің сынамалары іріктеліп алынды олар бойынша бұзушылықтар анықталды. 968 сәйкестік сертификатының күші жойылды.
8 өткізу пунктінде жұмыртқа, бидай әкелуге тыйым салынды.
Шекара маңындағы өткізу пункттерінде, 52 мыңнан астам көлік тексерілді, 597 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімі тексерілді, тауар тасымалдаушылардың 1057 көлік бірлігі қайтарылды.
Көліктің жүк бөлімінде өнім үлгілерін алуға еркін қол жеткізу үшін технологиялық өту жолы бекітілді.
Сонымен қатар, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау 7 бағыт бойынша жүргізіледі, 10 ай ішінде, 6 мыңнан астам субъект тексерілді.
Бұзушылықтар 72% пайыз жағдайда анықталды, 355 млн.теңгеден астам сомаға, айыппұл салынды (2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық).
5-Слайд
Бүгінгі таңда Қазақстанда қабылданған 10 мыңнан астам ұлттық стандарттың 64%пайызын отандық тауар өндірушілер қолданады.
Анықтама үшін: Қазақстанда 75 мыңнан астам стандарт қолданылады, оның ішінде 10 мың ҚР СТ, 26 мың ГОСТ, сондай-ақ халықаралық стандарттар.
Отандық тауар өндірушілер үшін, нарықтарды кеңейтуде экспорттық елдердің талаптарына сәйкес, стандарттарды бейімдеу бойынша шаралар да қабылдануда.
Мысал ретінде, құрғақ бие сүтін өндірушінің («ЕуразияИнвест Ltd» ЖШС) Қытай нарығына жол ашатын тиісті стандарт әзірленді (2025 жылғы 8 ақпаннан бастап күшіне енеді).
Қазақстандық халал сертификаттау органы Біріккен Араб Әмірліктерінің аккредиттеу жүйесінде аккредиттелді. Нәтижесінде қазақстандық кәсіпорындар Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығында, танылған сертификаттар алынады.
Анықтама: «OST FISH» ЖШС қара уылдырық, «Ақтөбе ет кластері» ЖШС қой еті, сиыр еті; «Прайм Агро-Сервис» ЖШС шұжық өнімдері; «Белес» ЖШС ұн және макарон өнімдері.
Қытайдың уәкілетті органдарымен сәйкестікті бағалау құжаттарын өзара тануды іске асыру мақсатында меморандумдарға қол қойылды. Қазіргі уақытта өзара жеткізілетін өнімдердің тізбесі жасалуда.
Анықтама: Бас кеден басқармасы (БКБ) және мемлекеттік нарықты реттеу басқармасы (SAMR).
Отандық тауарлардың сауда желілерінде еркін сатылуын қамтамасыз ету үшін айтарлықтай шаралар іске асырылды.
Ішкі сауда ережесінде ұлттық стандарттар арқылы азық-түлік тауарларын сатып алу, жүзеге асырылуы қажет деп белгіленген. Бұл сала бойынша, 100 (жүзден) астам сатып алу стандарттары бекітілді.
6-Слайд
Метрология – сауданы дамытуда өнім сапасын қамтамасыз етіп, жақсартады сонымен қатар халықаралық сенімнің кепілі болып табылады.
Анықтама: халықаралық рейтингте Қазақстан ұлттық эталондардың өлшеу мүмкіндіктерін 117 рет растады және 104 елдің ішінен 46-орында тұр, Орталық Азияда едәуір артықшылықпен 1-орында тұрмыз.
Қазіргі таңда салаларда, атап айтсақ өнеркәсіп, медицина, мұнай-газ және тағы басқаларда, 10 миллионнан астам өлшем құралдары қолданылады. Жалпы, өлшем құралдарының дәлдігін қамтамасыз ететін салаларда метрологияның рөлі маңызды.
Аталған мәселелерді реттеу үшін өлшем құралдары санаттарының бірыңғай ұлттық тізбесін қалыптастыру және Астана қаласында заманауи эталондық база құруды ұсынамыз.
7-слайд. Ұсынылатын шаралар
Құрметті Олжас Абайұлы, жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп келесі мәселелерді іске асыру ұсынылады:
Бірінші. Дер кезінде шаралар қабылдау үшін, аккредиттеу субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды Кәсіпкерлік кодексінен алып, ерекше тәртіп орнату;
Екінші. Мемлекеттік органдарға ұлттық техрегламенттерді әзірлеуді аяқтау;
Үшінші. Қазақстан Республикасынның Парламентінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған түзетулерді, Үкімет деңгейінде тұтынушыларды қорғау мәселелері бойынша Омбудсмен институтын құру (Сауда және интеграция мині, Әділетмині, Ішкі істер мині, Қаржымині МКК);
Төртінші Техникалық реттеу саласының штаттық санын күшейту.
Анықтама үшін: Техникалық реттеу комитетінің штаты - 73 бірлік (өңірде 3-5 адам), Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде шамамен 4 мың бірлік (ОА, өңірлік желі), Ауыл шаруашылық министрлігі шамамен 1 600.
Құрметті Олжас Абайұлы, осы бастамаларға қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.
8-Слайд.
Келесі мәселе өте өзекті.
Өздеріңіз білетіндей, осы жылы 19 қаңтарда «Уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулыға өзгеріс енгізу арқылы, ел аумағында 5-ші сағат белдеуін қолдану туралы шешім қабылдады.
Бұл шешім – Қостанай және Қызылорда облыстары азаматтарының бірнеше жыл бойы осы мәселені көтерген көптеген өтініштерін ескере отырып қабылданды.
Петицияны қарастырудың нәтижесінде, стандартты сағат белдеуіне максималды бейімделу жағдайларын жасауға бағытталған үәкілетті тиісті мемлекеттік органдарга айқын ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Осылайша, сағат белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды болып табылады.
Назарларыңызға рақмет!