Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өзгерісі: 2023 және 2024 жылғы тамыз

Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының Ұлттық статистика бюросындағы былтырғы және биылғы тамыз айындағы бағаларына талдау жүргізді. ӘМАТ тауарларына енетін өнімдердің басым бөлігінің бағасы былтырға қарағанда арзандаған.

Күнбағыс май: Елде жыл басынан күнбағыс  майының бағасы 15% арзандаған. Былтыр тамызда күнбағыс майының 1 литрі 781 теңге болған болса, биыл бұл баға 626 теңгеге дейін арзандаған.

Пияз:  Пияз бағасы  былтыр 177 теңге болса, биыл дүкен сөрелеріне 129 теңгеден сатылуда.

Қырыққабат: Қырыққабат осыдан 1 жыл бұрын 159 теңгеден сатылған болса, қазір республика бойынша орташа бағасы 124 теңгені құрап тұр.

Қант: Былтыр қанттың 1 келісі 434 теңгеге дейін жетсе, қазір оның бағасы 415 теңгеге арзандаған.

Сәбіз: Сәбіздің келісі бір жыл бұрын 198 теңгеден саудаланса, биыл 188 теңгені құрап отыр.

Қарақұмық жармасы: Қарақұмық жармасының құны тура 1 жыл бұрын 338 теңге болса, қазір республика бойынша орташа баға 222 теңгеге арзандаған.

Бидай ұны: Бірінші сорт бидай ұнының 1 келісі  2023 жылдың тамызында 232 теңге тұрса, биыл 228 теңгеге түскен.

1 жыл ішінде тұз бен рожки бағасы еш өзгеріссіз қалған.

Анықтама: 2023 жылдың тамыздың алғашқы аптасы мен 2024 жылдың тамыздың бірінші аптасындағы бағалар салыстырылды.

Дата публикации
13 августа 2024
Дата обновления
13 августа 2024
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы