«RIO TINTO» КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖОБАЛАРЫНА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛУ МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРДЕЛЕУДЕ

«RIO TINTO» КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖОБАЛАРЫНА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛУ МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРДЕЛЕУДЕ

«Rio Tinto» компаниясы ҚР аумағында геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниетті және геологиялық барлау жобаларына инвестициялар салу үшін жаңа мүмкіндіктерді зерделейді, оның ішінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен ынтымақтастықты жалғастырады. 

ҚР Президентінің Ұлыбританияға сапары шеңберінде ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Төрағасы Базарбай Қанайұлы Нұрабаевтың тұлғасында және  бас директор, Африка-Евразия өңірінде геологиялық барлау бойынша директор, Кен Тейнтон тұлғасында «РИО ТИНТО МАЙНИНГ ЭНД ЭКСПЛОРЭЙШН ЛИМИТЕД» британ компаниясы арасында тиісті меморандумға қол қойылды.

Анықтама ретінде:Қазіргі таңда «Rio Tinto» компаниясы мен ҚР ИДМГеология және жер қойнауын пайдалану комитетініңведомстволық бағынысты компаниясы«Қазгеология»АҚ Қарағанды облысының Қорғантас учаскесінде және Балқаш-Сарышаған алаңында мыс-порфира кендерін барлау бойынша екі бірлескен жобаны іске асыруда.

1. «Қарағанды облысының Қорғантас учаскесінде мыс-порфира кендерін барлау» жобасы «Қазгеология»АҚ пен«Rio Tinto» компаниясы арасындағы «Saryarka»бірлескен кәсіпорын шеңберінде іске асырылуда. Учаске алаңы  3,909 кв.км. құрайды. Іздеу кезеңіндегі  инвестиция көлемі  6 млн. АҚШдолларынқұрайды.

Бастапқы жұмыстар ағымдағы жылы басталды.Қазіргі таңда 17,350желіліккилометркөлеміндеаэрогеофизикалық түсірімдер орындалды  жер бетіндегеологиялықзерттеулер жүргізілуде.

Келесі жылы жер бетіндегеохимиялық және  геофизикалықзерттеулер жүргізу жоспарлануда.

2. «Қарағанды облысының Балқаш-Сарышаған алаңында мыс-порфира кендерін барлау»жобасы «Қазгеология»АҚ пен«Rio Tinto» компаниясы арасындағы«Bektau»бірлескен кәсіпорын шеңберінде іске асырылуда.

Учаске алаңы12,918ш.км.құрайды. Іздеу кезеңіндегі  инвестиция көлемі  9,7 млн. АҚШ долларын құрайды. Дала жұмыстары 2016 жылғы көктемде басталады. Көлемі кемінде 10 000 қума километр аэрогеофизикалық зерттеулер, жер бетінде геофизикалық және бұрғылау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

«Қазгеология»АҚ пен«Rio Tinto» компаниясы арасындақол қойылған технологиялық ынтымақтастық шарттың шеңберінде қазақстандық мамандардың технологиялар мен инновациялар саласындағы біліктілігін көтеру жөніндегі алты жылдық бағдарлама іске асырыладыҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және «Қазгеология»АҚ-тың қызметкерлері арасынан 60 маман оқытылатын болады.Олардың ішінен 12 маман«Rio Tinto» тобының мүшелері пайдалы қазбаларды барлау кезінде пайдаланатын озық әдістемелер мен технологияларды тереңдете оқып, үйрену үшін «Rio Tinto» командасына іссапарға жіберіледі.

«RioTinto»  компаниялар тобы пайдалы қазбаларды барлау, өндіру әрі қайта өңдеу саласындағы техника мен операциялық қызмет саласында терең білімге, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларға ие екенін, табиғат пайдалану, өңірлік инфрақұрылымды дамыту, жергілікті халықпен жұмыс істеуде, еңбек пен өнеркәсіптегі қауіпсіздікті қорғауда, маркетингте соңғы жетістіктерді пайдаланатынын әрі озық технологияларға қол жеткізе алатынын көрсетеді.ҚР ИДМ осындай технологиялардың Қазақстан Республикасында қолданылуына мүдделі әрі Рио Тинтоның оларды қолдану жөніндегі ниетін қолдайды.   

Анықтама ретінде:«RioTinto»Австралия-британ концерні – капиталдану нарығындағы көлемі бойынша әлемдегі екінші ұлтаралық тау-кен металлургия окмпаниясы, өңірлік, геологиялық, геохимиялық, геофизикалық және қашықтықтан түсірудегі озық әдістерді пайдаланып, минералдық ресурстарды барлау жұмыстары саласындағы жұмыста мол тәжірибеге ие. «RioTinto»   кәсіпорындарында 40-тан астам елде 60 000-ға жуық қызметкерлер жұмыспен қамтылған.  «RioTinto»  компаниясы Қазақстан Республикасында 2003 жылдан бері жұмыс істеуде. КомпанияҚазақстан Республикасында жалпы сомасы 15 млн. АҚШдолларын құрайтын геологиялық барлаудың 2 жобасына қатысуда.