ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ КОНКУРСТЫ ӨТКІЗЕТІНДІГІ ЖАЙЫНДА ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі шығындары 2016 жылы республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды белгілеу жөнінде ашық тендер негізіндегі конкурсты 2015 жылғы 28 қазанда өткізетіндігі жайында жариялайды.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығымен бекітілген шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу Қағидаларының (бұдан әрі – Қағида)
11 – тармағында анықталған талабына сәйкес білікті ықтимал қатысушылар жіберіледі.
Біліктілік талаптарға жауап беретін әлеуетті қатысушылар Қағиданың 12 – тармағында көрсетілген құжаттар тізілімін конкурс комиссиясының мекен-жайына жібереді.
Конкурсқа қатысуға тендер өтініштерін, әлеуетті қатысушылар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мына мекен-жайына жібереді (жеткізеді): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transport Tower» әкімшілік ғимараты, 15 қабат, 1507 каб.
Тендер өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі 2015 жылғы 27 қазан сағат 17.00-ге дейін.
Тендерлік ұсыныстары бар пакеттерді ашу 2015 жылғы 28 қазан
сағат 11.00 мына мекен-жайда өткізіледі: Астана каласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Transport Tower» әкімшілік ғимараты, 7-қабат, (каб. 704) конференц зал.
Тендерлік құжаттар топтамасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ресми сайтында мына мекен-жай бойынша орналасқан
http://mid.gov.kz/ru/pages/o-nekotoryh-voprosah-provedeniya-konkursa.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 75 47 57.