НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ЗИЯНКЕСТЕР ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТА АРҚЫЛЫ ТРОЯН ТАРАТУДА

Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі – KZ-CERT зиянды бағдарламаларға сілтемелері бар электрондық хаттардың жаппай таралуы туралы ескертеді.
2015 жылғы қыркүйек айынан бастап салық органдары тексеріп жатқан заңды тұлға атынан электронды пошта арқылы таралатын жалған хабарламалар жиілеп кетті. Хаттар «Құжаттар» тақырыбымен жіберіледі. Хаттардың үлгілік мәтіндері:
«Здравствуйте!
В нашей компании налоговая проверка. У нас с Вами нет одного договора и счeт-фaктуры.
Огромнейшая просьба подписать, отсканировать и выслать нам сегодня. Архив прикреплен
Ссылка для скачивания файлов: (зиянды сілтемелер көрсетілген)
Файлы будут храниться до 24.10.2015».
Пайдаланушы хатта көрсетілген сілтеме бойынша өткен жағдайда Word құжатының белгісі бар «Documenti dlya nalogovoi.scr» зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуі автоматты түрде жүктеледі. Бұл пайдаланушыны файлдың нақты құрамына қатысты адастыру үшін жасалады.
Файлда scr кеңейтілімі пайдаланылған, көптеген пайдаланушылар оны қауіпті деп санамайды, сондай-ақ осы кеңейтілім (.exe және .com қарағанда) бақылаудың автоматты жүйелермен бақыланады (мысалы, прокси-серверіндегі жүктеуді бақылау және басқ.)
Көптеген өнімдер объектіні Cryakl (Criakl) атымен детектрлейді - бұл жаңа троян-шифрлеушілердің бірі болып табылады.
Бұл шифрлеуші өте қауіпті болып табылады, себебі бүгінгі күнге дейін бұл троян шифрлеген деректерді шифрден шешу әрдайым мүмкін емес.
Аталған зиянды объект шифрлейтін файлдардың кеңейтілімінің тізімі:
113, 1cd, 3gp, 7z, accdb, arj, asm, bak, cdr, cer, cpt, csv, db3, dbf, doc, docx, dt, dwg, fbf, fbk, fbw, fbx, fdb, gbk, gho, gzip, jpeg, jpg, key, keystore, ldf, m2v, m3d, max, mdb, nbd, nrw, nx1, odb, odc, odp, ods, ods, odt, old, orf, p12, pdf, pef, ppsx, ppt, pptm, pptx, pst, ptx, pwm, pz3, qic, r3d, rar, raw, rtf, rwl, rx2, sbs, sn1, sna, spf, sr2, srf, srw, tbl, tib, tis, txt, wab, wps, wps, x3f, xls, xlsb, xlsk, xlsm, xlsx, zip.
Берілген үлгі офистік қосымшалардың (Microsoft Office және OpenOffice) файлдарын, архивтерді, суреттерді, деректер базаларының, криптографиялық кілттердің (ЭЦҚ), 1С: Кәсіпорын файлдарын және т.б. шифрлейді.
Сақ болыңыз және электрондық почта арқылы белгісіз ақпарат көздерінен алынған хабарламалардағы сілтемелер бойынша өтпеуді сұраймыз.
Егер де Сіз бұл файлды кездейсоқ ашсаңыз, тезірек mail.exe үрдісін аяқтауға тырысыңыз (тапсырмалар диспетчерін пайдаланып, «Ctrl+Alt+Del -> Запустить диспетчер задач»). Осыны тез арада орындасаңыз, Сіз шифрленген файлдар санын азайтасыз.
Одан кейін (компьютерді қайта қоспай-ақ, өйткені зиянкес компьютер қайта қосылғаннан кейін іске қосылады) қайта қосуды талап етпейтін компьютерді тексеретін антивирустық утилитаны (мысалы, Kaspersky Virus Removal Tool немесе Dr.Web CureIt!) орнату және компьютерді тексеру керек.
Егер де сіз компьютерде қиын техникалық іс-әрекеттерді орындай алмасаңыз, онда mail.exe үрдісін аяқтағаннан кейін техникалық мамандарға жүгініңіз (компьютерді сөндірмей және қайта қоспай).
Шифрлеушілердің әсер етуінен деректерді қорғауға арналған жалпы ұсыныстар:
Міндетті түрде сигнатуралардың өзекті қорлары (жаңартылған қорлары) бар антивирустық бағдарламаны пайдалану қажет.
Қазіргі таңда әлем бойынша тәулігіне 300 мыңнан астам жаңа зиянкес нысан анықталады. Тиісінше, қорларыңыз бір аптаға ескірсе, Сіздің антивирусыңыз (іс-қимылы арқылы ғана айқындай алатындарын есептемегенде) екі миллионнан астам зиянкес нысанды айқындай алмайды.
Деректердің – құжаттар файлдарының, сондай-ақ, маңызды дерекқорлар мен ақпараттық жүйелердің (мысалы, 1С: Кәсіпорын және т.б.) өзекті резертік көшірмелері болуы тиіс.
Көрсетілген көшірмелерді жұмыс жүйесінен бөлек, алмалы дискіде немесе жұмыс машинасынан жазу құқықтарына қолжетімділігі жоқ басқа машинада сақтау қажет (желілік дискіде немесе қосылған алмалы дискіде зиянкес тарапынан деректерді шифрлеу мүмкін болмауы үшін қажет).
Резервтік көшірме жасау жиілігін деректердің өзгеру жиілігі мен олардың құндылығына сәйкес таңдау қажет (мысалы, 1С: Кәсіпорын файлдарын күн сайын көшіру жөн).
Сенімді емес дереккөздерден пошта арқылы алынған (немесе Интернет желісі арқылы жүктелген) файлдарды (нақты жұмыс деректеріне қолжетімділігі бар компьютерлерде) ашпаңыз.
Жіберуші күмән туғызбаған жағдайдың өзінде, әдеттегіден тыс хатқа (осы жіберушіге тән емес немесе онымен бұрын-соңды талқыланбаған тақырыпқа арналған хатқа) сақтықпен қараңыз (әріптесіңіздің аккаунты бұзылып, оның атынан зиянкес нысан жіберілуі мүмкін).
Сізге мәлім емес жіберушілерден алынған немесе тақырыпқа сай емес және шұғыл шаралар қолдануды (дереу жіберуді, келісуді, тексеруді) қажет ететін хаттар өте қауіпті болып табылады: электронды поштадан тыс не телефон арқылы, не болмаса басқа тәсілмен шұғыл шара қолдануды қажет ететін талаптары бар тапсырманың келіп түспеуі, тек пошта арқылы ғана берілуі күмәнді болып табылады.
Егер Сіз аса маңызды деректермен жұмыс істесеңіз және осы тектес хаттарды назарсыз қалдыра алмасаңыз (мысалы, кіріс хаттарды өңдеумен айналыссаңыз), хаттармен жұмыс жасау үшін жұмыс желісіне қосылмаған жеке компьютерді пайдаланыңыз.
Компьютерлерге қызмет көрсететін инженерлерге арналған ұсыныстар:
Компанияның прокси-серверінде localstrip.com сайтына өтуге тыйым салу.
Маңызды компьютерлерде default deny (үндемеу бойынша тыйым салу) қағидатындағы қорғау технологияларын орнату қажет – бұл технология антивирустық өнімдердің басым бөлігінде орнатылған.
Антивирустық өнімдердің әр өндірушіде бұл технология әр түрлі аталуы мүмкін, сондықтан пайдаланушыға (әкімшіге) арналған басшылықта күйге келтіру бойынша мәліметтерді таба алмаған жағдайда, техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Әрине, аталған технология қатаң (алайда күйге келтірілетін) шектеулер орнатады, алайда ол қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және маңызды ақпарат өңделетін компьютерлер үшін жарамды болып табылады.
Сондай-ақ, бағдарламаларды бақылау функциясын (атауы өзгеруі мүмкін) антивирустық бағдарлама сенімді емес бағдарламалық қамтамасыз ету тарапынан Сіз үшін маңызды болып табылатын файл түрлерін (кеңейтулер бойынша) өзгерту әрекеттерін бұғаттай алатын түрде баптауға болады.
Сонымен қатар, интернеттегі барлық күдікті хаттар, парақтар жөнінде 1400 қысқа нөмірге немесе info@kz-cert.kz электронды пошта арқылы хабарлауды сұрайды.