ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ТІРКЕУ ҚАЖЕТ

Қазіргі таңда дүниежүзілік практикада ұшқышсыз ұшу жүйелерін жаппай пайдалану бойынша Қағидаларда қажет етеді, осыған орай құзыретті органмен ұшқышсыз ұшу жүйелерін пайдалану бойынша әрекеттегі нормативтік құжаттарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы заңнамаларына және ҚР Транспорт және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 "Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес құзыретті орган (Азаматтық авиация комитеті) ұшқышсыз ұшу аппараттарын тіркейді.

Қазіргі таңда ұшқышсыз ұшу жүйелерінің иелері ары қарайзаңды пайдалану мақсатындаұшқышсыз ұшу аппараттарын тіркеуге құзыретті органға жүгінуде.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Азаматтық авиация комитеті алғашқы бес ұшқышсыз ұшу жүйелерін тіркеді.