КҚКҚТК беру кезінде сәйкестікті бағалау рәсімінің бұзылуының алдын алу және оған жол бермеу

КҚКҚТК беру кезінде сәйкестікті бағалау рәсімінің бұзылуының алдын алу және оған жол бермеу

ТРМК төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды ұлттық бөлікке енгізу немесе шығару мәселесін қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органның және сынақ зертханаларының бірыңғай тізіліміне енгізу үшін ЕАЭО техникалық регламенттері бойынша өнімнің сәйкестігін сынауды және бағалауды жүзеге асыратын «Интер Трасса» ЖШС сынақ зертханасының өтінімі мен материалы қаралды.

Отырыс барысында сынақ жабдықтары көрсетілді және қарау қорытындысы бойынша сынақ зертханасын Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізу ұсынылды. Қасымов Бауыржан нақты сынақтар жүргізбестен көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік (КҚКҚТК) беруге жол бермеу туралы ескертті, сондай-ақ шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысын (жүйесін) орнатуға қатысты көлік құралдарына қойылатын талаптарды сақтай отырып, сәйкестікті бағалаудан өту қажеттігін атап өтті.

Осылайша, осы аккредиттеу субъектісі Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілетін болады, бұл оған ЕАЭО-ның барлық бес елінің нарығына өнім шығару үшін бірыңғай нысандағы құжаттарды беруге құқық береді.