ӨНДІРІСТІҢ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ ӨНІМ САПАСЫ

ӨНДІРІСТІҢ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ ӨНІМ САПАСЫ

Өзекті мәселелерді анықтауда, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамалардың талаптарын түсіндіру мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды облысының Кәсіпкерлік палатасы, метрология және стандарттау институттарының өкілдерінен тұратын Өңірлік штабтың мүшелері «Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС-де сапармен болды.      

«Энергосистемы «ЭЛТО» ЖШС - көшелерді жарықтандыруға арналған қырлы тіректерді, металл тіректерін және жарықтандыру тіректеріне арналған жақшаларды жасайтын   отандық  тауарөндіруші болып келеді. Қазіргі уақытта зауыт дамудың жаңа кезеңіне өтті, технологиялық жабдықтың 70% -тен астамы заманауи автоматтандырылған технологиямен алмастырылған, бұл өнімді өндіруде озық технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Кәсіпорын өнімдері барлық облыстық орталықтар мен ірі қалаларда орнатылған және бұл өніммен Қазақстанның және ЕАЭО елдерінің энергетикалық нысандары толық жабдықталған.

Департамент мамандары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын түсіндірді, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасы» индикаторын жақсарту жөніндегі шаралар туралы, азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық актілердің мақсаты мен міндеттері туралы айтты, сондай-ақ дәл емес өлшеулердің салдарынан қорғану қажеттігі туралы еске салды.

Кездесудің қорытындысы бойынша жарықтандыру тіректеріне ұлттық стандартын әзірлеу үшін технико-экономикалық, қаржылай-экономикалық негіздемесі бар құжаттарды қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Ұлттық стандарттың қабылдануы кәсіпорынға мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың негізінде тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруына мүмкіндік береді. Нормативтік құжатты қабылдау нәтижесі өнімдерді экспорттауда уақыт пен ресурстарды барынша азайтады.