АЛМАТЫДА «ПРИМА ДИСТРИБЬЮШН» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2019 жылдың 15 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамаларды түсіндіру мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Прима Дистрибьюшн» ЖШС қызметкерлерімен жұмыстық кездесу өткізді.
"Прима Дистрибьюшн" ЖШС халық тұтынатын тауарларды дистрибуциялау саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Сату қызметі өз филиалдары бар Қазақстанның барлық ірі қалаларының дүкендеріндегі тауарлардың қажетті ассортиментін қолдайды және бүкіл ел бойынша 23 300 сауда нүктесін қамтиды.
Компанияның қызмет саласына азық-түлік және тұрмыстық химия дистрибуциясы кіреді. Компания жеткізетін өнімдер балакея, консервация, тұрмыстық химия, гигиена, дене күтімі және т. б. сияқты бағыттарда 55000-нан астам атаудан тұрады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша "Прима Дистрибьюшн" компаниясы "Сала көшбасшысы 2014"марапатына ие болды. Бұл награда ҚРҰБ одағының рейтингісінде (Ұлттық Бизнес-Рейтинг) көшбасшылық орындарға ие болған компанияларға беріледі. Ал 2015 жылы – "Жыл импортері 2015" тағы бір наградасын алды.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамасының, 2.21-2017 ҚР СТ «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі» ұлттық стандартының жаңартылған нұсқасының, сонымен қатар өлшем құралдарын ҚР МӨЖ енгізу талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, барлық келіп түскен сұрақтарға Департамент қызметкерлері толық жауап берді.