МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЕКІНШІ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЕКІНШІ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

23 сәуір 2019 жылыМаңғыстау облысы әкімінің орынбасары,  Маңғыстау облысы өңірлік штаб отырысының төрағасы Нұрдаулет Килыбайдың төрағалығымен Маңғыстау облысының өңірлік штаб отырысы құрамына енгізілген уәкiлетті мемлекеттiк органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлерінің,    мемлекеттік емес секторлар өкілдерінің және жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен Өңірлік штабтың екінші отырысы өткізілді.

Өңірлік штаб отырысын өткізудің мақсаты - Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» қаулысының талаптарын сақтау бойынша мониторинг жүргізу үшін Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарының және «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының өкілдерінен тұратын мониторингтік топтың құрамын белгілеу.

Отырыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының жанында Маңғыстау облысындағы сауда базарларында «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» қаулысының талаптарын сақтау бойынша мониторинг жүргізу үшін Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарының, Маңғыстау облысы  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған мониторингтік топ құру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін еріктілер ретінде «Облыс жастар орталығынан» жастарды тарту туралы шешім қабылданды.